Қорғастағы төбелес: Оқиғаның мән-жайы анықталды

?ор?аста со??ы?а жы?ыл?ан ?аза?станды? шекарашы?а ?атысты істі? м?н-жайы аны?талды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 25 жаста?ы ефрейтор Н?ржан Молдаш ?ызмет ат?арып ж?рген. Ол "?ор?ас" ШЫХО-ны? бас?а бір ?ызметкерін жина?таушы айма?ынан зал?а ?ткізуден бас тарт?ан. 

Қорғаста соққыға жығылған қазақстандық шекарашыға қатысты істің мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 25 жастағы ефрейтор Нұржан Молдаш қызмет атқарып жүрген. Ол "Қорғас" ШЫХО-ның басқа бір қызметкерін жинақтаушы аймағынан залға өткізуден бас тартқан. 

Куәгерлердің айтуынша, оқиға шамамен 17.00-де болған. Сөйтсек, жинақтаушыда бір аудармашы шекарашының талабын орындаудан тас тартқан. Олардың арасында жанжал шығып, әскери қызметшіге соққы жасалған. 

Салдарынан ефрейтор құлап түсіп, тасжолға басын ұрып, есін жоғалтып алған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақыртылған. 

Реклама
Реклама

Шекарашыны ұрған жігіт ұсталып, Қорғас полиция бөліміне тапсырылған. Ол уақытша ұстау изоляторында.

Шекарашы Молдаш Нұржан Жеркенттегі аудандық ауруханаға жеткізілген. Зардап шегушіге "Мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, оң жақ бетінің көгеруі, жағының жабық сынуы" диагнозы қойылған. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама