Қостанай облысында 20 келі көмір ұрлаған әйелдің соты болды

Қостанай облысында 20 келі көмір ұрлаған әйелдің соты болды Иллюстрациялық сурет. © Times.kz

Қостанай облысының Ұзынкөл аудандық сотында "Өзгенің мүлкін ұрлау" бабы бойынша қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды "Алау" облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалы бойынша, 29 қыркүйек сағат 13:00 шамасында Орталық аудандық ауруханасының маңындағы медициналық пункттен 20 келі көмір ұрланған екен. 

"Осыған байланысты Ұзынкөл ОАА-ға 180 теңге көлемінде материалдық зиян келген. Қылмыстық құқық бұзушылық үшін ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-тарауы бойынша айыпталған әйел тараптардың келісімге келуіне байланысты жауапкершіліктен босатылды", - делінген хабарламада. 

Жарнама
Жарнама

Қылмыстық іс тоқтатылды. 

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама