Қостанай облысында аудандық ІІБ орынбасарлары зардап шеккен келіншекке пара бермекші болған

© Tengrinews.kz

?останай облысты? прокуратурасы бас?армасыны? басшысы ?айрат Ж?сіпов alau.kz тілшісіне берген с?хбатында ?останай облысы бойынша Сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл департаментіні? ауданды? б?ліміні? ?арабалы? ауданды? ІІБ басшысы орынбасарларына ?атысты ?ылмысты? істі ая?та?анын хабарлады. Айта кетейік, емшектегі баласы бар 20 жаста?ы Любовь Дорошенконы азапта?аны ?шін екі полицей - С?рсенбаев пен Т?легенов соттал?ан болатын. Сотты? шешімімен, С?рсенбаев пен Т?легенов айыпты деп танылып, 3,5 жыл?а бас бостанды?ынан айырыл?ан еді.

Қостанай облыстық прокуратурасы басқармасының басшысы Қайрат Жүсіпов alau.kz тілшісіне берген сұхбатында Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің аудандық бөлімінің Қарабалық аудандық ІІБ басшысы орынбасарларына қатысты қылмыстық істі аяқтағанын хабарлады. Айта кетейік, емшектегі баласы бар 20 жастағы Любовь Дорошенконы азаптағаны үшін екі полицей - Сәрсенбаев пен Төлегенов сотталған болатын. Соттың шешімімен, Сәрсенбаев пен Төлегенов айыпты деп танылып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Ал енді Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер сотқа дейінгі тергеу барысында аудандық ІІБ басшысының екі орынбасары - Ағайдаров пен Ақыновтың зардап шеккен 20 жастағы Любовь Дорошенкоға ақша бермекші болғанын анықтады.

"Олар қызметтік өкілеттігін асыра пайдалана отырып, зардап шеккен Дорошенкоға азаптау ісі бойынша жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеу барысында түсініктемелерін өзгерту үшін 100 000 теңге берген", - деді Қайрат Жүсіпов.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта бұл іс Қарабалық аудандық сотына жіберілді.

Еске сала кетейік, бұл оқиға іс материалдары бойынша, 10 сәуірде шамамен таңғы сағат 09.00-де болған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама