Қостанай облысында екі әйел мен 14 жастағы қызды зорламақ болған ер адам ұсталды

© azh.kz

?останай облысы Ме?ді?ара ауданы Первомайское ауылында сенбіде екі ?йелді ж?не 14 жаста?ы ?ызды зорлама? бол?ан ер адам ?сталды. "Наш Костанай" басылымыны? м?ліметінше, ол к?шедегі ж?рген ?ыздар?а тиіскен.

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Первомайское ауылында сенбіде екі әйелді және 14 жастағы қызды зорламақ болған ер адам ұсталды. "Наш Костанай" басылымының мәліметінше, ол көшедегі жүрген қыздарға тиіскен.

Бастапқыда зардап шеккендердің барлығы кәмелетке толмағандар деп хабарланған болатын, алайда Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер бұл мәліметті жоққа шығарды.

"Зардап шеккендердің ішінде кәмелетке толмаған 14 жастағы қыз бар. Қалғандары 1963 және 1983 жылғы әйелдер. Қазіргі уақытта 28 жастағы күдікті ұсталды. Оған әйелдерді зорламақшы болды және есірткі сақтады айып тағылып отыр. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді баспасөз қызметіндегі Елена Кашарина.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама