Қостанай облысында екі жеткіншек балалар лагерін "жарып жібермек" болды

© Аlau.kz

Қостанай облысындағы "Достық" балалар лагеріндегі 150 адам жарылғыш заттың қойылғаны туралы хабарламаға байланысты эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға орнына жедел топ дереу барды. Жарылғыш зат табылған жоқ. Екі жасөспірім қалжың ретінде жалған хабарлама берген.

Білім беру бөлімінің маманы Дмитрий Зинченконың айтуынша, лагерьдің 2001 және 2004 жылғы екі демалушысы 102 номеріне хабарласқан. "Қоңырау олардың бірінің номерінен түскені анықталған кезде балалар қалжыңдағанын айтты. Олар номер анықталмайды деп ойлаған", - деді ол. Оның айтуынша, қазір жалған хабарлама берген жасөспірімдердің ата-аналарын әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

 
Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама