Қостанай облысында мал мен пойыздың соқтығысуынан малшы 350 мың теңге айыппұл төлейді

Қостанай облысында мал мен пойыздың соқтығысуынан малшы 350 мың теңге айыппұл төлейді © "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Қостанай облысында мал мен пойыздың соқтығысуынан малшы 350 мың теңге айыппұл төлейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы 37 жастағы азаматтан материалдық шығын ретінде 350 мың теңге өндіру туралы арыз түсірген. 

15 жылдың 30 қыркүйегінде Қарасу аудандық Октябрьское ауылында ер адам малын темір жолдан өткізбек болады. Алайда жүк пойызы малға соғысып, бүлінген. Малшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Жарнама
Жарнама

Арыз-талапты жауапкер сотта толықтай мойындады. Сот "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының ер адамнан 350 мың теңге көлемінде шығынын өтеу туралы шағымын толықтай қанағаттандырды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама