Қостанай облысында жасөспірім 19 жастағы жігітті пышақтаған

Қостанай облысындағы Жітіқара ауданының орталығында екі жігіт жанжалдасып, артынша төбелескен, - деп хабарлайды "Алау" облыстық полиция баспасөз қызмтеіне сілтеме жасап. 

Қостанай облысындағы Жітіқара ауданының орталығында екі жігіт жанжалдасып, артынша төбелескен, - деп хабарлайды "Алау" облыстық полиция баспасөз қызмтеіне сілтеме жасап. 

Осы дерекке қатысты полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 

"26 қаңтарда дүкен маңында 17 және 19 жастағы жігіттер жанжалдасып, артынша төбелесе кеткен. Соның салдарынан біреуі екіншісіне пышақ ұрған. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу шаралары жүргізіледі. Зардап шегушінің жарақатының ауырлығы тексеріліп жатыр", - делінген Қостанай облыстық ПД хабарламасында. 

Реклама
Реклама

17 жастағы жасөспірім күдікті ретінде ұсталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама