Қостанай облысында жүргізуші қызды қасақана қағып кеткен - полиция

Қостанай облысында жүргізуші қызды қасақана қағып кеткен - полиция © wroom.ru

Облысты? ІІД баспас?з ?ызметіндегілер ?останай ауданында?ы Затобольск ауылында 16 шілдеде бол?ан жол-к?лік о?и?асына ?атысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Alau.kz.

Облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер Қостанай ауданындағы Затобольск ауылында 16 шілдеде болған жол-көлік оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Alau.kz.

Оқиға 16 шілдеде 01:30-да Затобол ауылындағы кафелердің бірінің маңында болған. 

"33 жастағы "Газель" жүргізушісі 25 жастағы қызды қағып кеткен. Осының салдарынан қыз бала әр түрлі дене жарақатын алған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру") бойынша іс қозғалды", - деді Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Реклама
Реклама

Сот медициналық сараптама тағайындалған. 

Еске салайық, Қостанай қалалық ауруханасына қыз бала ауыр халде түскен. Ол комада болды. Оны алып келген адамдардың айтуынша, "Газель" жүргізушісі қызды екі рет қағып кеткен. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама