Қостанай тұрғыны 500 теңге ұрлағаны үшін үш жылға сотталды

© 24.kz

?останай облысыны? ?зынк?л ауданды? соты аудан т?р?ынына ?атысты ?ылмысты? істі ?арады, - деп хабарлайды Алау порталы облысты? сот баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысының Ұзынкөл аудандық соты аудан тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Алау порталы облыстық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық істің материалдары бойынша, 13 маусым күні таңғы сағат 07.00-де Ұзынкөл ауданының Бауманское ауылында сотталушы үйдің терезесін сындырып, ішке кірген. Ол әмияннан 500 теңге ұрлаған.

"Ұры ізін суытпақ болған кезде, шыға берістен үйдің иесі алдынан шыққан. Ол қылмыскерді қашып кетпесі үшін ұстап алған. Алайда бұзақы үй иесін ұрып құлатып, тепкілеген. Үй иесі дене жарақаттарын алған", - делінген соттың хабарламасында.

Реклама
Реклама

Сот үкімімен "Тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру" бабы бойынша ұры кінәлі деп танылған. 

Оған үш жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы кесілді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама