Қостанай университетінде өлтірілген оқытушы әйел жайлы деректер шықты

Ольга Исенова. © "ВКонтакте"

20 маусымда түстен кейінгі уақытта Қостанайдағы әлеуметтік-техникалық университеттің ғимаратында белгісіз біреулер оқытушыны жұмыс орнында өлтіріп кеткен. "Наша Газета" басылымының мәліметінше, қаза болған 35 жастағы Ольга Исенова инжернерлік-технологиялық факультеттің кафедра меңгерушісі болған.

Осыған дейін сол күні әйелдің жұмысына күйеуі келіп кеткені хабарланған еді. Белгісіз себептерге байланысты ол әйелін пышақтап, 8-қабаттың терезесінен секіріп кетіп, мерт болған.

Реклама
Реклама

Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері бұл мәліметті растады, бірақ оқиғаның мән-жайын айтпады. Қаза болған әйел адам онда 3 жыл уақыт жұмыс істеген екен.

"ВКонтакте" әлеуметтік желісінде Ольга Исенованың отбасы мен балаларының суреттері жарияланған. 

"Костанайские новости" басылымының мәліметінше, Ольга Исенова Челябіде аспирантурада оқыған.

Ольга Исенова. © "ВКонтакте"

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама