Қостанайда әкесін өлтірген 17 жастағы қыз сотталды

© Dnepr24

2018 жылды? 3 ?а?тарында ?останай облысы Ме?ді?ара ауданында 17 жаста?ы ?ыз отбасылы? жанжал барысында ?кесіне пыша? сал?ан. Ер адам о?и?а орнында ?аза тапты, - деп хабарлайды "НГ" порталы. ?останай облысты? мамандандырыл?ан ауданаралы? ?ылмысты? істер ж?ніндегі сотында іс жабы? т?рде ?аралды. 

2018 жылдың 3 қаңтарында Қостанай облысы Меңдіқара ауданында 17 жастағы қыз отбасылық жанжал барысында әкесіне пышақ салған. Ер адам оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды "НГ" порталы. Қостанай облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында іс жабық түрде қаралды. 

2018 жылы 18 сәуірде, сәрсенбіде сот үкімі шықты. Басында қыз ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша айыпталған, алайда жаңа деректердің пайда болуына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 102-бабына ("Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған адам өлтіру") өзгертілді. Бұл бап бойынша қыздың жазасы әлдеқайда жеңілдетілді: 8-15 жылға бас бостандығынан айыру жазасынан - екі жылға дейін бас бостандығынан айыру. 

Басылым мәліметінше, соттың баспасөз қызметі қыздың бір жылға бас бостандығынан шектеліп, сот залында босатылғанын мәлімдеген. 

Реклама
Реклама

Істің басқа деректері айтылмаған. Қыздың әкесі ішімдікке әуес болып, жанжал шығаратын болған. Отбасыдағы жағдай қиын болған. Қыздың өзі Қостанай колледжінде оқыған. Ол жаңажылдық мерекеге үйіне келген кезде осы оқиға болған. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама