Қостанайда ақша, алтын және тұрмыстық техника ұрлағандар ұсталды

© БезФормата

Сәуірде Қостанай полиция басқармасына облыс орталығының бес тұрғыны арыз берген. Олар қаражатты, тұрмыстық техника мен алттыннан жасалған бұйымдарды ұрлағандарды ұстау туралы өтініш білдірген. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды "Алау"

Келтірілген залал мөлшері үш миллион теңгеден асқан. Ұрлық дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу шарасын полиция департаментінің басшылығы бақылауға алған. 

Жедел іздеу шаралары барысында полицияның солтүстік бөлімі қызметкерлері 37 және 38 жастағы екі ер адамды ұстады. Қазіргі уақытта олар Рудный қаласындағы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

Реклама
Реклама

Сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама