Қостанайда бір жігіт 13 жастағы қыздың көзіне қасақана оқ атқан

© gorodkirov.ru

Қостанайда бір жігіт 13 жастағы қыздың көзіне қасақана оқ атқан, - деп хабарлайды "Наш Костанай" басылымы Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Елена Кашаринаға сілтеме жасап.

Оқиға 5 шілдеде сағат 22.00-де Алтынсарин көшесінде болған. 1998 жылғы жігіт кәмелет жасына толмаған қызға оқ атқаннан кейін оқиға орнынан із жасырған. Ол әлі іздеуде жүр. 

"Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Кашарина. Жәбірленуші жатқан көз аурулары облыстық ауруханасының дәрігерлері пікір білдіруден бас тартыпты. Алайда оның жарақатының ауыр екенін, сондықтан емделетінін айтқан. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама