Қостанайда бұрынғы бас дәрігерді өлтірді деген тағы бір күдікті іздестіріліп жатыр

Рашида Сандыбаева

?останайда облысты? психиатриялы? аурухананы? б?рын?ы бас д?рігерін ?лтірді деген та?ы бір к?дікті пайда болды. Полиция 40 жаста?ы Руслан Гафаровты іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанайда облыстық психиатриялық аурухананың бұрынғы бас дәрігерін өлтірді деген тағы бір күдікті пайда болды. Полиция 40 жастағы Руслан Гафаровты іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен Қостанай қаласының тумасы, 1977 жылғы Гафаров Руслан Рамильевич іздестіріліп жатыр. Белгілері: бойы 175-180 сантиметр, шашы қара, мұрты немесе сақалы болуы мүмкін. Күдікті жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден Қостанай облыстық ІІД өкілдеріне хабарласуы сұраймыз: (код 8-7142) 526111, 526112 немесе "102" нөміріне", - деді Қостанай облыстық ІІД өкілдері.

Реклама
Реклама

Осыған дейін бас дәрігерді өлтірді деген күдікпен аурухананың бөлім меңгерушісі Зәуреш Изалдина ұсталған еді. 

Еске салайық, Қостанайдағы облыстық психиатрлық аурухананың бұрынғы бас дәрігері Рашида Сандыбаева 20 ақпанда өз пәтерінен өлі табылған болатын. Оған 30 жерден пышақ салғаны хабарланған болатын. Кейін оқиғаның мән-жайы анықталған еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама