Қостанайда кикбоксингтен ҚР құрамасының мүшесі қамауға алынды: Ол ер адамды бір ғана соққымен өлтірген

© devyatka.ru

Рудны? соты ер адамды ж?дыры?пен ?рып ?лтірді деген к?дікке ілінген кикбоксингтен спорт шеберін ?амау?а алу туралы шешім шы?арды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?останай облысты? сотыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Рудның соты ер адамды жұдырықпен ұрып өлтірді деген күдікке ілінген кикбоксингтен спорт шеберін қамауға алу туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кикбоксингтен спорт шебері және ҚР құрамасының мүшесі, кикбоксингтен Қостанай облысы құрама командасының капитаны ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") бойынша күдікке ілінді.

Соттағылардың мәліметінше, бұл оқиға 2017 жылдың 20 тамызында қала күнін тойлау кезінде шамамен сағат 01.00-де болған. 

Реклама
Реклама

Күдікті "Горняк" мәдени-сауықтыру орталығында жүргенде ер адамға жұдырығымен соққы жасаған. Салдарынан ер адам дене жарақаттарын алған. Жабық бассүйек-ми зақымы алып, бас миын жарақаттап, өміріне қауіп төнген. Ал 23 тамызда ер адам Рудный қалалық ауруханасында жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама