Қостанайда полицей героин сатумен айналысқан қылмыстық топқа көмектескен

© Тұрар Қазанғапов

?останай ?алалы? №2 соты за?сыз героин сатумен айналыс?ан ?ылмысты? топ ж?мысына ?ор?аушылы? жаса?ан кезекті полиция ?ызметкері 1976 жылы ту?ан Евгений Шлемичке ?атысты ?ылмысты? іс бойынша сот ?кімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?останай облысты? сотыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Қостанай қалалық №2 соты заңсыз героин сатумен айналысқан қылмыстық топ жұмысына қорғаушылық жасаған кезекті полиция қызметкері 1976 жылы туған Евгений Шлемичке қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдары бойынша, 2012 жылдың 27 наурызынан 21 тамызы аралығында Қостанайда Шлемич ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі болмаса да бүгінде бас бостандықтарынан айырылған Алевтина Петренко, Надежда Киселева мен Резида Асылбаева әрекеттерін, топтың басшылық бағанасын, заңсыз есірткі саудасынмен айналысатынын біле тұра қызметтік лауазымын пайдаланып оларқа қорғаушылық көрсеткен.

Қылмыстық топқа көрсеткен қамқорлығы үшін ол тұрақты түрде топ басшыларынан ақшалай сыйақы алып отырған.

Реклама
Реклама

"Сот үкімімен Е.Лемич қылмыстық істе айыпты деп танылып, оған 4 жылға бас бостандығынан айыру, 6 жыл мерзімге құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды. Рақымшылық актісін қолдану арқылы нақты 3 жыл бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды", - делінген сот хабарында.

Сондай-ақ, ол ҚР ҚК 49-бабы 1-бөлігі негізінде арнайы әскери шенінен айырылып, сот залында тұтқындалды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама