Қостанайда жағажайда атыс болды: Қыз бала жарақат алды

Қостанайда жағажайда атыс болды: Қыз бала жарақат алды © Тұрар Қазанғапов

Қостанайда белгісіз біреу қызға оқ атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полицейлер ер адамды іздестіріп жатыр. 

Қостанайда белгісіз біреу қызға оқ атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Полицейлер ер адамды іздестіріп жатыр. 

Қостанай қаласының 25 жастағы тұрғыны оқиға туралы әлеуметтік желідегі жергілікті пабликтердің бірінде жазды. Оның айтуынша, белгісіз ер адам пневматикалық қарудан оқ атқан. Қыздың айтуынша, ол бұл әрекетті қасақана істеген. 

Жарнама
Жарнама

"Өтініш - сақ болыңыздар. Бұл әр адаммен болуы мүмкін, қалада қаруланған адам емін-еркін оқ атып жүруінің өзі сұмдық жағдай", - деді зардап шеккен қыз. 

Оқ атылғаны туралы хабар полицияға 16:30-да түскен. Ер адамды іздестіріп жатыр. 

"Оқиға орнына жедел тергеу тобы барды. Олар оқ атқан адамның сұр түсті "ВАЗ 21009" автокөлігімен жүргенін анықтаған. Осы жағдайға қатысты қандай да бір мәліметті білген жағдайда полицияға хабарласуды сұраймыз. Қыз бала ауруханаға бармаған", - деді Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталған. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама