Қостанайда "Жасыл ел" бағдарламасына бөлінген 10 миллион теңге жымқырылған

© elarna.com

?останайда "Жасыл ел" ба?дарламасы бойынша ойдан шы?арыл?ан адамдар?а фиктивті ж?рдема?ы р?сімдеп, 10 миллион те?ге ?рла?ан, - деп хабарлайды Tegnrinews.kz тілшісі ??ірлік мемлекеттік кірістер департаментіні? ?кілдеріне сілтеме жасап.

Қостанайда "Жасыл ел" бағдарламасы бойынша ойдан шығарылған адамдарға фиктивті жәрдемақы рәсімдеп, 10 миллион теңге ұрлаған, - деп хабарлайды Tegnrinews.kz тілшісі өңірлік мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Қостанай облыстық экономикалық тергеу қызметі "Жасыл ел" бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатты жымқыру қылмыстық сызбасын анықтаған. Қаражаттың негізгі бағыты жастардың жұмыспен қамтылуы және қаланы көгалдандыруға жұмсалу керек болған. Тергеу мәліметінше, Қостанай облыстық "Жасыл Ел" филиалының директоры бастаған қылмыстық топ 2014-2016 жылдары арасында ойдан шығарылған адамдарға фиктивті жәрдемақы рәсімдеп, 16 миллион теңгеден аса қаражатты жымқыруды жоспарлаған", - делінген хабарламада.

Ұстау барысында Қостанай облыстық МКД ЭТҚ-нің өкілдері 10 миллионнан аса теңге тәркілеген. 

Реклама
Реклама

"Осы іс бойынша қылмыстық жауапкершілікке жеті адам тартылған, басшы мен негізгі орындаушы қамауға алынған. 8 миллион теңге болатын мүлік пен қаражат тәркіленген, 2 миллион теңге мемлекетке өз еркімен қайтарылған. Қылмыстық істің тергеу шаралары аяқталып, іс сотқа жіберілді", - делінген хабарламада. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама