Қостанай облыстық соты Қостанай аудандық ішкі істер бөлімі ЖПҚ қызметкерлері Алмат Ермақанов пен Руслан Рыжеволовты соттады, олардың қызметіне салғырт қарауы 18 жастағы Дарья Махортованың өліміне әкеп соқты деген айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алау" сайтына сілтеме жасап.
Полицейлер шілденің соңында ұсталды. Облыстық ІІД өкілдерінің хабарлауынша, кешке 20 шілдеде құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне Қостанай-Затобольск жолында белгісіз ер адам әйелге зорлық-зомбылық көрсетті деген хабар түскен. "Оқиға болған жерге келген олар, жолдың жан-жағындағы ағаш араларын мұқият қарамаған, ал онда жәбірленушінің денесі жатқан", - деп хабарлады Ішкі істер департаменті өкілдері.
Полиция қызметкерлері 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды және жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Олар мемлекеттік қызметке 3 жыл бойы орналасу құқығынан айырылды. Сотталғандар үкімді апелляцияға беруге құқылы.
Еске сала кетейік, іс-түссіз жоғалған 18 жастағы Затобол ауылының тұрғыны Дарья Махартованың денесі 21 шілдеде Қостанай облысының шетінде табылған. Іс бойынша екі күдікті ұсталды.