ҚР Бас прокуратурасы Рахат Әлиевтің өлімінің мән-жайын анықтауға мүдделі

?Р Бас прокуратурасы Рахат ?лиевті? ?ліміні? м?н-жайын аны?тау?а м?дделі, осы?ан байланысты австриялы? ???ы? ?ор?ау органдарына ?ажеттік к?мек к?рсетуге дайын. Б?л туралы ведомствоны? РИА Новости редакциясыны? ресми сауалына берген жауабында айтылады.

ҚР Бас прокуратурасы Рахат Әлиевтің өлімінің мән-жайын анықтауға мүдделі, осыған байланысты австриялық құқық қорғау органдарына қажеттік көмек көрсетуге дайын. Бұл туралы ведомствоның РИА Новости редакциясының ресми сауалына берген жауабында айтылады.

2015 жылдың ақпанында австриялық БАҚ-тар Әлиевтің түрмеде асылып қалған күйі табылғанын хабарлаған болатын. Алғашқы және негізгі нұсқа суицид еді. 12 желтоқсанда, дүйсенбіде Әлиевтер әулетінің мүддесін қорғайтын адвокат неміс маманы Бернд Бринкманның зерттеу қорытындысын жариялады. Ол Әлиевті біреудің қылғындыруынан өлді деген тұжырым жасаған.

Бас прокуратураның жауабында қазақстандық тараптың Әлиевтің өлімі дерегі бойынша тергеуге қатыспағанын, осыған байланысты Бринкман тұжырымдаған нұсқаны Австрияның құзырлы органдары тексеруі керек екені айтылған.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Бас прокуратураның жауабында Әлиевтің өліміне байланысты австриялық тарапқа бірнеше мәрте қолғабыс етуді ұсынғаны жазылған. Мұнымен қатар, өз сұраныстарында қазақстандық тарап тергеудің толық әрі әділ өтуі үшін басқа елдерден сот сарапшыларын тартуды ұсынған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама