Қырғызстан азаматы шекарадан аяғындағы протезімен есірткі алып өтпек болған

© ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қазақстандық шекара қызметкерлері шекарада аяғындағы протезімен есірткі алып өтпек болған Қырғызстан азаматын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адамды Қордайдағы шекара қызметкерлері қызметтік иттің көмегімен ұстаған. Құжат тексерісінен кейін қызметтік ит ер адамның оң аяғындағы протезінен бір иісті байқаған.

Реклама
Реклама

Содан ер адамның аяғынан салмағы шамамен 650 грамм болатын гашиш есірткісі бар пакет табылған. Ақ түсті матаға оралған пакетте гашиш есірткісі 19 сіріңке қорапшасына салынған болып шықты. 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Айта кетейік, осы күні Қырғызстаннан Қазақстанға бара жатқан Ресей Федерациясының азаматы да есірткімен ұсталды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама