Қырғызстанда президент сайлауы кезінде жаппай тәртіпсіздік жасамақшы болған экс-депутат ұсталды

?ыр?ызстан Республикасыны? Мемлекеттік ?лтты? ?ауіпсіздік комитетіндегілер 2017 жылды? 15 ?азанында ?тетін президент сайлауыны? ?орытындысынан кейін ?кімшілік ?имараттарды басып алып, жаппай т?ртіпсіздік жасама?шы бол?ан адамды ?стады. Б?л туралы ведомствоны? ресми сайтында жазыл?ан, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер 2017 жылдың 15 қазанында өтетін президент сайлауының қорытындысынан кейін әкімшілік ғимараттарды басып алып, жаппай тәртіпсіздік жасамақшы болған адамды ұстады. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында жазылған, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері осыған дейін жарылғыш заттарды заңсыз сақтағаны үшін сотты болған экс-депутат Қазыбек Шайымбетовтың ҚР президенті сайлауы өткен соң алдын ала келісіммен үміткерлердің бірі жеңілген жағдайда жаппай тәртіпсіздікке қатыспақшы болғанын анықтады.

Сондай-ақ, Шайымбетовтың және оның сыбайластарының бірнеше күн бойы тәртіпсіздік жасау үшін қару-жарақ іздестіріп, ҚР мемлекеттік органдарының әкімшілік ғимараттарын басып алмақшы болғаны айтылады.

Реклама
Реклама

"2017 жылдың 14 қазанында Шайымбетов пен басқа да азаматтарға қатысты Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 27-бабы, 233-баптың 1-бөлігі, 27, 295-баптары, 241-баптың 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жеткізілді", - деп хабарлады комитет өкілдері.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.



Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама