Қытай азаматы ұшақта қазақстандықтың 300 мың теңгеге жуық ақшасын ұрлап алды

© Тұрар Қазанғапов

Қытай азаматы ұшақта қазақстандықтың 300 мың теңгеге жуық ақшасын ұрлап алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 қазан күні сағат 07.15-те алматылық әуежай полициясының желілік бөліміне Алматы тұрғынынан арыз түсті, ол Мәскеу-Алматы-Бейжің рейсімен ұшу барысында портфелінен 280 мың теңгенің ұрланғанын айтты. 

"Ұрлық жасады деген күдікпен ҚХР азаматы ұсталды. Тексеру барысында ұрланған ақша табылып, тәркіленді. Ұсталған азамат УҰИ-ға қамалды. Қазіргі таңда бұлтартпау шарасына қатысты мәселе қаралып жатыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама