Қызбен пәтер жалдаған жігіт 170 мың теңгесінен қағылған

Шымкентте ?ызбен п?тер жалда?ан ер адам 170 мы? те?гесінен ?а?ыл?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкентте қызбен пәтер жалдаған ер адам 170 мың теңгесінен қағылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлердің мәліметінше, оқиға биылғы 2 сәуірде болған. 

"Шымкент қалалық ІІБ Абай ПБ кезекші бөліміне 1991 жылғы жергілікті тұрғын жалдамалы пәтерлердің бірінде 1990 жылғы танысы 80 мың теңгесі мен 90 мың теңгелік ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтып, арызданған", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Жедел іздестіру шараларының барысында полицейлер 1990 жылғы күдікті қызды ізін суытпай ұстаған.

Қазіргі уақытта полицейлер ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Күдікті қамауға алынған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама