Қызғаныштан өз әйелін өлтірген қостанайлық тоғыз жылға сотталды

© egov.kz

?останай облысыты? мамандандырыл?ан ауданаралы? соты ?йелін ?лтірген ?арасу ауданыны? 32 жаста?ы т?р?ынына сот ?кімін шы?арды, - деп хабарлайды "Алау" порталы.

Қостанай облысытық мамандандырылған ауданаралық соты әйелін өлтірген Қарасу ауданының 32 жастағы тұрғынына сот үкімін шығарды, - деп хабарлайды "Алау" порталы.

Іс материалдары бойынша, 2016 жылы 6 маусымда Қарасу ауданында ер адам әйелін ен далада күтіп тұрған. Алдын ала болжам бойынша, ол кездесуге шақырған. Ол әйелінің өзіне көзіне шөп салған-салмағанын анықтағысы келген. 

"Кездесу барысында ерлі-зайыпты арасында жанжал шыққан. Ер адам қызғаныш салдарынан әйеліне асхана пышағымен тоғыз рет соққы жасаған. Алған жарақатынан әйел адам оқиға орнында есін жимастан қайтыс болған", - делінген облыстық сот баспасөз қызметінің мәліметінде.

Реклама
Реклама

Сот айыпталушыны ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша кінәлі деп тапқан. Ол тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама