Қызылорда әкімінің көлігін айдап кеткен ер адам полицейге оқ атты

© ktk.kz

?ызылорда ?кіміні? ?йіні? алдында атыс болды. ?ала басшысыны? ?ызметтік к?лігін айдап кеткен адам т?ртіп са?шыларына ?ару кезеніпті, - деп хабарлайды КТК арнасы. А?шы мылты?ын ?ста?ан 25 жаста?ы жігіт жолын б?гемек бол?ан полицейлерді? б?йры?ына к?нбеген.

Қызылорда әкімінің үйінің алдында атыс болды. Қала басшысының қызметтік көлігін айдап кеткен адам тәртіп сақшыларына қару кезеніпті, - деп хабарлайды КТК арнасы. Аңшы мылтығын ұстаған 25 жастағы жігіт жолын бөгемек болған полицейлердің бұйрығына көнбеген.

Атыс қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың үйінің ауласында болды деген мәлімет бар. Бірақ мұны жергілікті полиция басшылығы растамады, жоққа да шығармады. Ал, күдіктінің жолын бөгемек болған жол-патрульдік полиция қызметкері Сұңғат Алмаханов сол аяғынан жарақат алған. Қазір ол қалалық ауруханада ем алып жатыр. Әкімнің Lexus маркалы автомобилін айдап кеткен жігітті тоқтатпақ болғанда, полицейге оқ тиген.

"Торайырғыров көшесінде боран автокөлігі тұр екен. Мен түскен кезде аяғымнан атты. Әкімнің жол талғамайтын көлігі дейді ғой. Жүргізушісі екеуі жүрген, ұрлап алып қашып кеткен", - деді зардап шеккен полиция қызметкері Сұңғат Алмаханов.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама