Қызылорда облысында жеке тұрғын ұй құрылысына жер беремін деп пара алған ауыл әкімі ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі

Қызылорда облысында Бесарық ауылының әкімі парамен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің өкілдері мемлекеттік қызметті атқарып жүрген Сырдария ауданы Бесарық ауылдық округінің әкімі Смағұловты ұстады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі жолдаған сурет

Смағұловтың пайдакүнемдік мақсатта жеке тұрғын ұй құрылысына жер беремін деп жеке тұлғадан 200 мың теңге көлемінде пара алғаны анықталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама