Қызылорда перзентханасындағы төбелес: бұзақылар ұсталды

Камила Долаева Журналист
Қызылорда перзентханасындағы төбелес: бұзақылар ұсталды

Қызылорда полицейлері перзентхананың күзетшісін соққыға жыққан екі ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша, оқиға 22 тамызда "Ана мен бала" орталығында болған.

"Жедел іс-шаралар барысында Байқоңыр қаласының 32 жастағы тұрғыны таныстарымен бірге медбике мен күзетшінің қабылдау уақыты аяқталды дегеніне дөрекі жауап қайтарып, күзетшіні соққыға жыққаны анықталды", - деп хабарлады Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Жарнама
Жарнама

Қазір бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті адамдар ұсталды, сараптама тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр.

Бұған дейін Желіде видео пайда болған, онда ер адам перзентханаға келуші мен күзетшіні ажыратып жатыр.

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама