Қызылордада 56 бас сиырды ұрлағандар ұсталды

© ex-Press.by

?ызылордада 56 бас сиырды ?рла?андар ?сталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ?ызылорда ОІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Қызылордада 56 бас сиырды ұрлағандар ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қызылорда ОІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицейлердің мәліметі бойынша, 2017 жылдың 5 қаңтарында Жаңақорған аудандық ішкі істер бөліміне Қожакент ауылының 53 жастағы тұрғыны арызданып, ауылдан 3 шақырым жерде жайылып жүрген 3 бас сиыры ұрланғанын хабарлаған.

"Аталған арыз негізінде жедел-іздестіру тобы құрылып, іздестіру шаралары барысында сәуір айында "барымташылық жасады" деген күдікпен 50 жастағы, 45 жастағы және 34 жастағы 3 ер адам ұсталып, аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Реклама
Реклама

Сотқа дейінгі тергеу кезінде күдіктілердің басқа да 14 мал ұрлығына қатысы бары және барлығы 56 бас сиыр малы қолды еткені анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-тарауы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама