Қызылордада ойынханаға қарақшылық шабуыл жасалған: 4 адам ұсталды

?ызылордада ?ара?шылы? шабуыл жасады деген к?дікпен т?рт адам ?сталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Қызылордада қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен төрт адам ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2018 жылғы қаңтардың 2-нен 3-не қараған түні сағат 00.30 шамасында А.Байтұрсынов көшесінің бойында орналасқан ойынханалардың біріне бетперде киген бір топ белгісіз біреулер баса-көктеп кірген. Қолындарындағы пышақтарымен ойынхана кассирін қорқытып, кассадан 220 000 теңге көлеміндегі ақшасын алып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасының "102" арнасына түскен хабарлама негізінде жедел түрде оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, оқиға орнынан 9-шы калибрлі "Стриммер" газды-травматикалық тапаншасы алынды. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 18, 21 және 22 жастағы 4 адам ұсталып, барлығы да уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Реклама
Реклама

Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу шаралары жүріп жатыр. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама