Қызылордалық полицейлер браконьерлікпен айналысқандарды ұстады

© bbc.co.uk

?ызылорда полицейлері а?б?кендерді за?сыз аулау фактісін аны?тады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ?ызылорда облысты? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Қызылорда полицейлері ақбөкендерді заңсыз аулау фактісін анықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Биыл 10-14 қаңтар аралығында экологиялық қылмыстардың алдын алу мен браконьерлік әрекеттердін жолын кесу мақсатында Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының аумағында полиция қызметкерлері мен "ОХОТЗООПРОМ" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қызметкерлерінің бірлескен рейд іс-шарасы өткізілді.

"Рейд кезінде 14 қаңтар күні автокөліктерге тексеру жүргізу барысында Қармақшы ауданының тұрғынының басқаруындағы Toyota Land Cruiser автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында, автокөліктің артқы жағында қапқа оралған үш ақбөкен табылды. Бұдан басқа, еш құжаты жоқ 1 дана 12 калибрлі, 1 ұңғылы аңшы мылтығы, 7 дана атылмаған оқ, 1 дана ағаш сапты пышақ тәркіленді", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігі ("Заңсыз аңшылық") бойынша біріңғай реестрге тіркелді, тергеу шаралары жүріп жатыр. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама