Ресейде болған апатты WhatsApp-та "Семейдегі жағдай" деп таратқаны үшін сотталды

© Tengrinews.kz

Cемейді? № 2 соты биыл к?ктемде ?алада?ы к?п?абатты т?р?ын ?йлерді? біріні? опырыл?аны т?сірілген видеоны тарат?ан жергілікті 33 жаста?ы т?р?ын?а ?атысты сот ?кімін шы?арды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Cемейдің № 2 соты биыл көктемде қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің опырылғаны түсірілген видеоны таратқан жергілікті 33 жастағы тұрғынға қатысты сот үкімін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалған хабарламада Семейдегі көпқабатты үйлердің бірінің опырылғаны көрсетіледі. Алайда төтенше жағдай расында Ресейде болған. Осыған байланысты сот Семей тұрғыны Артем Полюхті жалған мәлімет таратқаны үшін айыпты деп таныды.

Сот оны екі жыл және 6 айға бас бостандығынан айырды. Бұл мәліметті Cемейдің № 2 сотының баспасөз қызметі растады.

Реклама
Реклама

"Ол осы әрекеті үшін өкініп, кінәсін мойындады. Сотталушының кінәсін мойындау туралы процесстік келісім жасалды, кінәсін мойындады", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұл видео биыл көктемде жарияланған еді. Сол кезде ҚР ІІМ ТЖК өкілдері бұл мәліметті жоққа шығарған болатын. Қазақстандықтарға да жалған мәлімет үшін жауапкершілікке тартылатын ескертілген еді.

Бұл видео 2012 жылдың ақпан айында Астраханда Островский көшесіндегі үйлердің бірінде түсірілген. Төтенше жағдайдан 11 адам қаза болған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама