Ресейден 500 дана шырша ағашын заңсыз кіргізбек болған қазақстандық ұсталды

Көрнекі сурет. © 7dach.ru

?аза?стан - Ресей мемлекеттік шекарасында ?ыл?ан жапыра?ты а?аштарды алып ?туге тырыс?андар ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р ??К Ш? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан - Ресей мемлекеттік шекарасында қылқан жапырақты ағаштарды алып өтуге тырысқандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ақтөбе шекара отрядына қарасты "Әлімбет-авто" бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды шекаралық бақылау кезінде 33 жастағы қазақстандықты ұстауға мәжбүр болды. Ресей жақтан келе жатқан азамат "Газель" автокөлігіндегі 500 дана шыршаға тиісті ілестірме құжаттарын көрсете алмады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, осы дерек бойынша Қарғалы ауданының карантин бойынша инспекторы хабарландырылғаны айтылады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама