Ресейлік балгер алматылық қызды 27 миллион теңгеге алдап кеткен

Көрнекі сурет © pixabay.com

Алматыда алаяқтықпен айналысқан ресейлік азаматша ұсталды. Тергеу нәтижесінде ол өзін балгермін деп таныстырып, қазақстандықты алдап кеткені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жәбірленуші "балгерді" сайт арқылы тауып, одан Ресейден Алматыға келіп "сиқыр әрекеттерін" жасауды сұраған. 

"Балгер "сиқыр әрекеттерін" жасап, жәбірленушінің сеніміне кіріп 27 миллион теңгесін қағып кеткен", - делінген ПД хабарламасында. 

Реклама
Реклама

Полиция күдіктіні уақытша тергеу изоляторына қамауға алды. Бүгінде іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама