23 қыркүйек 2021 17:04

Ресей азаматы Қазақстаннан 10 жылдан аса уақыт бойы зейнетақы алып келген

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ресей азаматы Қазақстаннан 10 жылдан аса уақыт бойы заңсыз зейнетақы алып келген. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей азаматы Қазақстаннан 10 жылдан аса уақыт бойы заңсыз зейнетақы алып келген. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көші-қон қызметі 1999 жылы Ресей азаматтығын алған, бірақ Қазақстанда 20 жылдан аса тұрып, жұмыс істеген 73 жастағы ер адамның жеке басын анықтаған. 2011 жылы жас шегіне жеткенде, Ресей азаматы біздің елде зейнетақы алуға өтініш білдірген.

"Қазіргі уақытта заңсыз алынған ақшалай қаражатты қайтару мәселесі қарастырылып жатыр, тәртіпбұзушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 496-бабы ("Азаматтық туралы Заңды" бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді баспасөз қызметі өкілі.

Реклама
Реклама

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары Шығыс Қазақстан облысы аумағында қос азаматтығы бар 60-тан аса құқықбұзушыны анықтаған. Көші-қон қызметі Конституцияға сәйкес, елде қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салып, заң талаптарын орындауды сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram