ПОДЕЛИТЬСЯ
07 қазан 2024 | 16:13
Ресей мейрамханаға шабуыл жасады деген күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады
Қарақшылық шабуыл жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарақшылық шабуыл жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қылмыстық топтың құрамында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында күдіктіні Ресей Федерациясынан экстрадициялады.
"Күдікті 2015 жылы таныстарымен алдын ала сөз байласып, Қарағанды облысы Шахтинсктегі мейрамханалардың біріне қарақшылық шабуыл жасаған. Қылмыс салдарынан мейрамхана иесіне 46 миллион теңгеден астам материалдық залал келтірілген. Күдіктінің серіктестері қылмыстық жауапқа тартылды, ал күдікті бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланды", - делінген хабарламада.
Биылғы мамырда ол Ресей Федерациясының Ростов облысында ұсталды, содан кейін Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланған.
"Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Аталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также