ПОДЕЛИТЬСЯ
13 желтоқсан 2021 | 08:33
Ресей шекарасында контрафактілік шұлық тиелген қазақстандық жүк көлігі ұсталды
Ресей-Қазақстан шекарасына жақын маңда Түмен кеденшілері бес мың контрафактілік шұлық тиелген қазақстандық жүк көлігін ұстады. URA.RU агенттігінің мәліметінше, бұл туралы өңірлік ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заңсыз тауар тиелген жүк көлігі Қазақстаннан Назраньға (Ингушетия) бара жатқаны хабарланды. Жалған тауар шамамен 20 миллион рубльге бағаланған.
"Қазақ кәсіпкерлерінің бес мыңнан аса спорттық шұлығы діттелген жерге дейін жеткен жоқ. Көлікті тексерген кезде кеден қызметкерлері Calvin Klein, Louis Vuitton, Tommy Hilfiger, Lacoste, Adidas және Nike-тың жалған спорттық шұлықтарын тапқан", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Кеденшілердің ақпараты бойынша, меншік иесі өнімнің өзіндік ерекшелігін растайтын құжаттарды көрсетпеген.
"Құқық қорғау өкілдері жалған өнім дерегін растады. Шығын 20 миллион рубльге бағаланды", - деп толықтырды департаменттегілер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также