ПОДЕЛИТЬСЯ
01 сәуір 2021 | 12:33
Ресейде 10 жыл іздеуде болған ер адам Нұр-Сұлтанда ұсталды
Нұр-Сұлтан полициясы 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген ресейлік азаматты ұстады. Ол Қазақстанға келгеннен кейін атын өзгертіп, отбасын құрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметіне сүйенсек, Ресейдің 33 жастағы азаматы 2011 жылы Санкт-Петербургте адам өліміне себепші болған.
"Қылмыстық қудалаудан жасырынған ер адам 10 жыл бойы іздеуде болған. Соңғы жылдары ол Қазақстан аумағында аты-жөнін ауыстырып, жалған құжатпен жүрген. Отбасын құрып, елордалық мейрамханалардың біріне аспаз болып орналасқан", - деді полиция өкілі.
Ер адамның жеке басын саусақ іздері растады.
"Оған Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 111-бабы 4-бөлігі ("Адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірілу") бойынша іздеу салынған. Ер адам полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ресейге экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также