Ресейде Bank RBK ісі бойынша күдікті ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: gov.kz

Ресейде Қазақстан тарапынан іздеу салынған Bank RBK ісі бойынша күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресейде Қазақстан тарапынан іздеу салынған Bank RBK ісі бойынша күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қаласы аумақтық департаменті іздестіріп жатқан В. Власов Мәскеуде ұсталды", - делінген хабарламада.

Оған қатысты "Банк РБК" АҚ-ның 15 миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі кредит қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Реклама
Реклама

"Қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген В. Власов 2018 жылдан бастап халықаралық іздеуде болатын. Мәскеу облысы Ішкі істер органдары оны қамауға алды. Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр", - деді агенттік өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама