14 наурыз 2022 | 13:24

Ресейде зорлау дерегі бойынша 10 жыл іздестірілген ер адам Екібастұзда ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Көрнекі сурет: orinfo.ru

Екібастұзда Ресейде қыз зорлады деген күдікпен 10 жыл мемлекетаралық іздеуде жүрген 33 жастағы қазақстандық ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда Ресейде қыз зорлады деген күдікпен 10 жыл мемлекетаралық іздеуде жүрген 33 жастағы қазақстандық ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық Полиция департаменті мәліметінше, ер адам 2012 жылы тамыздан бастап іздеуде жүрген.

"Ұсталған Қазақстан азаматы Омбы облысында зорлау дерегі үшін іздестірілді. Ер адамға қатысты РФ ҚК 131-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Павлодарда полицейлер 2002 жылы Қырғызстандағы колониядан қашқан Жамбыл облысының тумасын ұстады. Ер адам қандай қылмысы үшін сотталғаны нақтыланбады. Бірақ ол жазасын өтеуден жалтарғаны үшін іздеуде болған.

Айта кетейік, Павлодар облысында "Іздестіру" мемлекетаралық жедел-профилактикалық операциясы жалғасып жатыр. Ол қылмыскерлер мен хабар-ошарсыз кеткендердің орналасқан жерін анықтауға, ұстауға бағытталған.

"Павлодарлық жедел уәкілдер 10 қылмыскерді іздестірді. Олардың алтауы Ресей аумағында қылмыс жасаған. Үш адам ауыр қылмыс жасағаны үшін, соның ішінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру және зорлау дерегі бойынша іздеуде болды", - деп атап өтті Скляр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram