17 наурыз 2022 | 10:32

Ресейге заңсыз майнинг құралдарын әкетпек болғандар ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Көрнекі сурет: elements.envato.com

Қазақстаннан Ресейге заңсыз жолмен майнинг құралдарын әкетпек болғандар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстаннан Ресейге заңсыз жолмен майнинг құралдарын әкетпек болғандар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қаскөйлер Ақтөбе облысындағы "Жайсаң" көлік өткізу бекетінде ұсталған. Шекарашылар Ресейге бара жатқан DAF маркалы көлікті тоқтатқан.

"Көлікті тексеру барысында майнингке арналған Avalon құрылғысы табылды. Оған кабельдер қосылған. Жабдық 813 жәшікке салынған. Олар тауарды шетелге ешқандай құжаттарсыз тасымалдауға тырысқан", - деді ҰҚК қызметкері.

Реклама
Реклама

Алдын ала деректер бойынша, жүктің құны шамамен 80 миллион теңге болады. Барлық техника Ақтөбе облысы Экономикалық тергеу департаментіне берілген. Кейін процедуралық шешім қабылданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная