Ресейлік әйел бес жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келген

Дина Шарипханова Корреспондент
Ресейлік әйел бес жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келген Фото ©Тұрар Қазанғапов

Ресей азаматы бес жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келген, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ресей азаматы бес жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келген, - деп хабарлайды Polisia.kz.

1 маусымда Өскеменде көші-қон қызметкерлері қос азаматтық алған әйелді анықтаған. 64 жастағы әйел 17 жылдан бері көрші ел азаматы бола тұра, Қазақстанда тұрып, 5 жыл бойы зейнетақы алып жүрген.

"Қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін ҚР ӘҚБК-нің 496-бабы бойынша 100 АЕК сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта қазақстандық құжаттар тәркіленіп, азаматтығынан айырылды және заңсыз алынған ақшаны қайтару мәселесі қарастырылып жатыр", - деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, жыл басынан бері ШҚО аумағынан қос азаматтығы бар 35-тен аса адам анықталған. ШҚО ПД көші-қон қызметі Конституцияға сәйкес елімізде қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салып, заңнаманы сақтауға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама