Республикалық санитариялық авиация орталығының бас директорының орынбасары ұсталды

Республикалы? санитариялы? авиация орталы?ыны? бас директорыны? орынбасары ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл ?лтты? бюросыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Республикалық санитариялық авиация орталығының бас директорының орынбасары ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"12 сәуірде 2 миллион теңге сомасында кезекті пара алу үстінде "Республикалық санитариялық авиация орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының бас директорының орынбасары М.З.Шалғынбаев ұсталды. Ол жеке әуе компанияларының басшыларынан науқастарды тасымалдау үшін мамандандырылған әуе көлігін беру бойынша қызметтер көрсетуге келісімшарттар жасасу үшін жүйелі түрде пара алу бойынша қылмыстық жоспар ұйымдастырып, оған кәсіпорындағы қоластындағы қызметкерлерді тартқан", - делінген хабарламада. 

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, пара көлемі келісімшарт сомасының 10 пайызы болған. "Шалғынбаев жалпы алғанда Sky Service ЖШС, East Wing АҚ жетекшілерінен және басқалардан 130 мың АҚШ доллары сомасында аса ірі көлемде пара алған", - делінген Антикоррупциялық қызметтің таратқан хабарламасында. 

Реклама
Реклама

Шалғынбаев ұсталып, Астана қалалық ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу жалғасып жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама