Риддерде төрт баланың анасын азаматтық некедегі күйеуі пышақтап өлтірді

© Нvylya.net

Риддерде төрт баланың анасын азаматтық некедегі күйеуі пышақтап өлтірді, - деп хабарлайды Yk-news.kz

Басылымның хабарлауынша, қайғылы оқиға болардан бірнеше ай бұрын олардың үйі өртеніп кеткен. Баратын жері болмаған олардың үлкен балалары туыстарының үйіне көшкен. Ал кішкентай екі баласы мен ерлі-зайыпты моншада түнеп жүріпті. Олар кейін балалар үйіне жіберілді. Қайғылы оқиға болатын күні ерлі-зайыпты моншада отырып алкогольді ішімдік ішеді. Ұрыс шығып, 39 жастағы әйел күйеуіне балаларының әкесі басқа адам екенін айтады. Ашулы ер адам әйеліне бірнеше жерден пышақ сұғып, оқиға орнынан қашып кеткен. Полицейлер оны ұстады.

Айта кетейік, ШҚО мамандандырылған ауданаралық соты қылмыскерді 10 жылға бас бостандығынан айырды. Ол қайтыс болған әйелдің туыстарына бір миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама