Рига орталығында қазақстандық азаматша өлі табылды

Рига орталы?ында?ы ?она??йлерді? бірінде ?аза?станды? азаматша ?лі табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Латвиян? Мемлекеттік полициясы сайтына сілтеме жасап.

Рига орталығындағы қонақүйлердің бірінде қазақстандық азаматша өлі табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Латвиянң Мемлекеттік полициясы сайтына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, әйелдің мәйіті 8 сәуірде шамамен сағат 17.00-де қызметшілер бөлмесінде табылған. Сарапшылардың алдын ала қорытындысына сәйкес, марқұмның денесінде қылғындыру іздері болған. Күдікті оның серігі болып шықты, ол марқұммен бірге осы нөмірде тұрып жатқан.

Тәртіп сақшылары ер адамды ел астанасының әуежайында ұстаған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында. Тергеу жүріп жатыр. Бұл қылмыс үшін Латвия заңы бойынша өмір бойына немесе 5-тен 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Реклама
Реклама

Ал өз кезегінде Қазақстан СІМ өкілдері марқұмның Қазақстан азаматшасы екенін растап, оның Қарағандыда тұрғанын айтты. Қазіргі уақытта дипломаттар марқұмның отбасына көмектесу жолын қарастырып жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама