Рудный қаласы әкімінің орынбасары ұсталды

Рудный ?аласы ?кіміні? орынбасары ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жем?орлы??а ?арсы ?лтты? бюроны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Рудный қаласы әкімінің орынбасары ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті Рудный қаласы әкімінің орынбасары М.А.Доспуловтың 15 миллион теңге көлемінде пара алғанын әшкереледі. Ол "Өркен" ЖШС мердігерлік компаниясының директоры У.К.Мұсралиевтан "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында құбыр жүргізу жұмыстарына қатысты мәселелерге болысу үшін ақша алған", - деді ұлттық бюродағылар.

2017 жылдың 12 мамырында Доспулов пен Мұсралиев Рудный қаласының ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Реклама
Реклама

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама