ПОДЕЛИТЬСЯ
21 қараша 2021 | 16:25
Рудный-Қостанай тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды
BMW көлігімен адам өліміне әкелген жол апаты Рудный-Қостанай тас жолында болды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
BMW көлігімен адам өліміне әкелген жол апаты Рудный-Қостанай тас жолында болды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға орнынан түсірілген видео Instagram желісінде жарияланды.
21 қараша күні сағат 5.30 шамасында 29 жастағы жүргізуші Рудный-Қостанай автожолында BMW көлігін мас күйінде жүргізіп, көлікті басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, 31 жастағы жергілікті тұрғынның Audi маркалы автокөлігімен соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан жүргізуші мен BMW көлігінің бір жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Audi жүргізушісімен бір жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, тағы 2 жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Жол-көлік оқиғасы бойынша Рудный полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады", - делінген жазбада.
Белгілі болғандай, BMW жүргізушісі ұсталып, Рудныйда уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жыл басынан бері Қостанай облысында мас күйінде 1400 жүргізуші ұсталды, 87 адамға қатысты қылмыстық кодекстің 346-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также