26 тамыз 2021 | 13:00

Рудныйда балалар үйінің кәмелетке толмаған тәрбиеленушісі зорланған

Дина Шарипханова Корреспондент
фото:elements.envato.com

Рудныйда балалар үйінің кәмелетке толмаған тәрбиеленушісі зорланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рудныйда балалар үйінің кәмелетке толмаған тәрбиеленушісі зорланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қоғам қайраткері және қоғам белсендісі Дина Таңсәрі ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтан Рудныйдағы балалар үйінің қызметкері кәмелетке толмаған тәрбиеленушіні зорлады деп қамауға алынды деген ақпаратқа қатысты пікір беруді сұрады.

"Біз жасөспірім қыздан екі жыл бойы зорлық-зомбылық көргені туралы ақпарат алдық, ол зорлау дерегі болғанын дәлелдеген, өйткені ДНҚ талдауы жасалған. Бұл қызметкерден зардап шеккен тағы бір қыз бар екені белгілі болды, бірақ ол кінәлі адам жазаланбайды деп қорқады, сондықтан куәлік бергісі келмейді", - деп жазды ол Facebook-парақшасында.

Реклама
Реклама

Таңсәрі ішкі ақпарат көзінен алынған дерек бойынша күдіктінің бұрынғы полиция қызметкері екенін айтты.

Қостанай облысының полиция басқармасы жазбаға қатысты тергеу жүріп жатқанын айтты.

"Аймақтық дирекцияда 1978 жылы туған ер адамның балалар үйінің тәрбиеленушісін зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс бар. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, соталды тергеу мәліметі жария етілмейді", - делінген полиция хабарламасына.

Қостанай облысының білім басқармасы мәліметінше, бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120 -бабы "Зорлау" бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Кәмелетке толмағандарға психологиялық жағынан білікті психологтар көмектеседі. Психологтардың мобильді тобы қабылдаған шаралардың нәтижесінде басқа балаларға қатысты зорлық-зомбылық дерегі анықталмады. Бұл мәселені білім бөлімі ерекше бақылап отыр", - деп түсіндірді департаменттегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram