Рудныйда үш полицей ұсталды

Рудныйда үш полицей ұсталды Фото:gov.kz

Қостанай облысында үш полиция қызметкері құқыққа қайшы әрекет жасады деген күдікпен әріптестерінің назарына ілікті. Бұл туралы ІІМ хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.

ІІМ мәліметінше, 17 наурызда Қостанай облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі өңірлік ҰҚКД-мен бірлесіп, Рудный қалалық полиция басқармасының үш қызметкерін құқыққа қайшы әрекет жасады деген күдікпен ұстады.

"Күдіктілер ішкі істер органдарынан теріс себептермен шығарылып, қамауға алынды. Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр", - деп хабарлады ІІМ.

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, кейбір өңірлік БАҚ өңірлік ПД-ға сілтеме жасай отырып, тергеу Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі "Пара алу" бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама