ПОДЕЛИТЬСЯ
01 маусым 2022 | 11:15
Рудныйдағы балабақшада кәмелетке толмаған қызды зорлаған тәрбиеші сотталды
Қостанайда кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген балабақша тәрбиешісі жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қостанайда кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген балабақша тәрбиешісі жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Рудныйдағы балалар үйінің тәрбиешісіне үкім шығарылды. Іс материалдарына сәйкес, 44 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызды зорлаған. Балабақша тәрбиешісінің ісі Қылмыстық кодекстің 121-бабы "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" және 120-бабы "Зорлау" бойынша қаралған.
"Ішінара қосу арқылы педагогикалық қызметпен айналысуға өмір бойы тыйым салумен ең жоғары қауіпсіздік колониясында жазасын өтеумен 23 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалсын", - деді Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Арман Қабенов.
Одан бөлек, бір миллион теңге көлемінде азаматтық талап толық көлемде қанағаттандырылды.
Еске салайық, Қостанайдағы балабақшада болған оқиға туралы мәселені қоғам белсендісі Дина Тәңсәрі көтерген болатын. Ол бұған дейін сол кездегі ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаевтан осы іске қатысты пікір білдіруін сұраған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также